ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК бойынша АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ

08.00 - 17.00 (Мск)

Дс - Жм

Жұмыс істейміз, бүкіл Ресей

мен ТМД елдері!

Неге жақын арада жылумен жабдықтаудың жабық жүйелеріне өту мүмкін емес?

Неге жақын арада жылумен жабдықтаудың жабық жүйелеріне өту мүмкін емес?

Көп пәтерлі тұрғын үйде нені дұрыс көру керектігі туралы даулар бұрыннан бар.

Кейбір мамандар біршама жаңа жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі оңтайлы деп ттаниды, ал классикалық бағытты жақтаушылар бұрын пайдаланылған ашық құрылымдарды пайдланады.

Іс жүзінде не істеу керек?

Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Ашық жүйелер кемшіліктердің көп мөлшері бар екенін бұрын көрсеткен болатын:

жылыту және ыстық суды дайындау кезінде  жылу энергиясына жұмсалатын жоғары шығындар;

бүкіл үйді ресурстармен қамтамасыз ету процесінде отынның үлкен шығындалуы;

жылу жүйелері мен қазандықтарды ұстауға жоғары шығындар;

соңғы тұтынушыға жеткізген кезде жылудың үлкен шығыны және оның жетіспеушілігі;

суды химиялық дайындаудың жоғары құны.

Бірақ ашық құрылымдарда айқын артықшылықтары да бар:

ресурстар циркуляциясының толық тоқтауы ешқашан орын алмайды, себебі бұл жерде бірден бірнеше жылу көздерін пайдалану туралы болып тұр;

жылу тасымалдағыш әрқашан ЖЭО немесе қазандықта қажетті дайындықты алады;

Ресей мен ТМД елдерінің көптеген үйлерінде жылумен жабдықтау құрылымдарының дәл осы ашық типі пайдаланылады, бұл кейінге қалтырылған жұмыс істеп тұрған құрылымдар.

Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Техникалық әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларында көбінесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі қажет екендігі көрсетіледі.

Бұл теорияны жақтаушылар келесі аргументтерді келтіреді:

үйлердің тұрғындары үшін жылу мен ыстық сумен қамтамасыз ету төлеміне шығындарды төмендету;

үлкен қауіпсіздік;

температураны бақылаудың біршама заманауи тетіктерін пайдалану мүмкіндігі.

Бірақ кемшіліктері де жеткілікті:

жалғасып келе жатқан дауларға қарамастан, жабық жүйедегі суды арнайы реагенттерді пайдалана отырып дайындау керек, әсіресе егер ол жоғары қаттылық туралы болса, себебі жабық жүйеден қақты жою мүмкін емес;

қызмет көрсету үшін тәжірибелі слесарьдың қырағы қадағалауы қажет болады.

Және де жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі сипатталатын  ең басты кемшілігі - бұрыннан бар коммуникацияларды жаңарту мен жөндеуге ірі қаржылық салымның қажеттілігі.