ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК бойынша АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ

08.00 - 17.00 (Мск)

Дс - Жм

Жұмыс істейміз, бүкіл Ресей

мен ТМД елдері!

Нысанның энергетикалық төлқұжаты

Нысанның энергетикалық төлқұжаты

Энергетикалық ресурстарды қолданумен байланысты көптеген кәсіпорындардың қызмет көрсету ерекшелігі алуантүрлі техникалық құжатнама жасауды қарастырады

Осындай қағаздардың бірі нысанның энергетикалық төлқұжаты болып табылады

Берілген құжат келесі модулдер тиімділігін сарапшылық бағалау  мақсатында жасалуы мүмкін:

Тұрмыстық және де өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын автономды сумен қамтамасыз ету жүйесі

Қазандық және басқа да құрылғылардан тұратын жылыту модулі

Металды өңдеуге немесе қалдық материалдарды конвейерлік тасымалдауға қолданылатын автоматтандырылған электр аппараттары

Осы жағдайлардың әрқайсысында нысанның энергетикалық төлқұжаты болып табылатын техникалық құжатты жасау мақсатында кәсіпқойларды жұмылдыру кез келген кәсіпорын басшысы үшін дұрыс шешімдердің бірі бола алады

Энергетикалық төлқұжатқа қандай мәліметтер енгізілуі керек

Тексерілген фирмаға жүгіне отырып, нысанның энергетикалық төлқұжаты сияқты техникалық құжат сәйкес реттемелеуші актілер ұсыныстарын орындау арқылы жасалынғанына, сонымен қатар қайтадан куәландыру мерзімдері сақталғандығына сенімді болуға болады

Сарапшылармен жасалынған әрбір құжатқа келесілер енгізіледі:

Құжам жасалынған кәсіпорын мекен-жайы, сонымен қатар оның реквизиттері

Қолданылатын агрегаттардың, пайдаланылатын энергеткиалық ресурстардың  саны мен түрі

Су, газ, электр және жылу энергиясының болуы немесе болмауы туралы факт, сонымен қатар осындай ресурстарды пайдалану статистикасы

Кәсіпорын қызметі барысында осы немесе басқа да энергетикалық өнімдерді қолдану мақсаттылығының сарапшылық бағасы

Болашақта өндірістік үрдісті жүйелендіруге мүмкіндік беретін жаңашаландыру ұсыныстары

Қызмет көрсету ерекшелігіне байланысты көптеген басшылар энергетикалық тиімділік бағалауын жүргізу үшін сырт маманға жүгіну туралы шешім қабылдайды

Мұндай қадам мәселені шешуге деген объективті және кәсіби әдіске сенімді болуға мүмкіндік береді